
Конырбаева Касиет Шайырбековна
Бас дәрігердің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары
Конырбаева Касиет Шайырбековна бас дәрігердің медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары.
Касиет Шайырбековна Конырбаева 1985 жылы 08 наурызда ОҚО, Ордабасы ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
2002 – 2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.
2008 – 2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Акушер – гинколог» мамандығы бойынша 1 жылдық интернатурадан өткен.
2011 жылы Астана медицина университетін медицина ғылымдарының магистрі дәрежесімен аяқтаған. Бірінші санатты акушер – гинеколог дәрігері.
27.02 – 04.03.2017 жыл аралығында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Жүкті әйелдердің терең көктамырында қан ұюы» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырған.
21.05 – 25.05.2018 жыл аралығында «University Medical Center» корпоративтік қорында «Жүктілік кезіндегі жүрек – тамыр патологиясы» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырған.
21.01 – 01.02.2019 жыл аралығында «University Medical Center» корпоративтік қорында «Жатыр мойнының патологиясы. Клиникалық кольпоскопия» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырған.
21.10 – 01.11.2019 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Артериялық гипертензия» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырған.
13.05 – 17.05.2019 жыл аралығында ҚР ДСМ «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ – да «Антенаталдық күтім» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырған.
08.07 – 30.11.2019 жыл аралығында «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» «Оқу – клиникалық орталығы» АҚФ – да «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.
01.08.2009 – 08.02.2010 жылдар аралығында Ордабасы аудандық емханасында акушер – гинеколог дәрігері қызметін атқарған.
01.12.2010 – 30.04.2011 жылдар аралығында Қарасай ауданының аудандық емханасында акушер – гинеколог дәрігері қызметін атқарған.
01.02.2012 – 01.04.2013 жылдар аралығында Астана қалалық №7 қалалық емханасында акушер – гинеколог дәрігері қызметін атқарған.
03.10.2013 – 10.07.2015 жылдар аралығында №9 қалалық емханасында акушер – гинеколог дәрігері қызметін атқарған.
26.10.2015 ж. бастап Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханасында акушер – гинеколог, 12.02.2018 ж. бастап бөлім меңгерушісі қызметін қосымша атқару жүктелген.
18.02.2021 – 27.10.2021 жыл аралығында Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханасында бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылғы 28 қазаннан бастап №2 қалалық ауруханасында бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасын қадағалау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы лауазымына қабылданған.
Жалпы еңбек өтілі – 9 жыл 10 ай 12 күн. Басшылық лауазымындағы еңбек өтілі – 3 жыл 8 ай 14 күн (бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары).




