Ревматология бөлімшесі

Шымкент қаласы ДСБ «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бөлімшесі

Ревматология бөлімшесі аурухананың бас корпусының 2-қабатында орналасқан.

Мемлекет есебінен шұғыл және жоспарлы тәртіппен жатқызылған науқастарға арналған 20 төсек;

2 күндізгі стационар төсегі;

ақылы қызмет көрсететін 6 төсек-орын.

Бөлімшеде 4 дәрігер,

7 орта медициналық қызметкер,

7 кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Емдеу жұмысы ХҚТУ терапия кафедрасының көмегімен жүзеге асырылады. Бөлімшеде кафедра доценттері курация жүргізеді. Диагнозы күрделі науқас кафедраның басқа доценттерімен консилиум арқылы қаралады. Ауруханадан шығарда пациенттерге нақты емдеу нұсқаулары беріледі, олардың орындалуын қалалық емханалардың ревматолог дәрігерлері бақылайды. Бөлімше дәрігерлері қаланың емдеу мекемелеріне консультациялық көмек көрсетеді.

Көрсетілетін негізгі қызметтер:

1) ревматологиялық аурулары бар науқастарға сапалы, мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

2) қала бойынша ревматология қызметін ұйымдастыру және қадағалау;

3) денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс ревматологы ретінде қала емханаларынан келген диагнозы күрделі науқастарға консультация беру;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін науқастарға ақылы консультация және ақылы стационарлық көмек көрсету;

5) көрсетілімдерге қарай ревматологиялық науқастардың буындарына диагностикалық және емдік пункция жасау;

6) қала бойынша ревматологиялық науқастарға гендік-инженерлік препараттар инфузиясын жүргізу, нәтижелерін бақылау және тиімділігін бағалау.

Байланыстар

Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «№ 2 Қалалық аурухана» МКК
ҚР, Шымкент қ., Жандосов к-сі, 92
shgmb17@mail.ru

  • 1414 — Бірыңғай байланыс орталығы
  • +7 778 003 0399 — Call Center
  • 49-01-67 — Медициналық мекеменің байланыс орталығы

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.