Халықаралық мейіргерлер күні құтты болсын!

13 мая 2021

news 4

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай №2 қалалық ауруханасында марапаттау іс – шарасы өтті. Іс – шарада аурухана бас дәрігері Қанат Махсұтұлы орта буын медицина қызметкерлерін бас дәрігердің құрмет грамотасымен марапаттап, халық денсаулығын жақсарту жолында атқарып жүрген еңбектеріне алғыс айтты.
Сонымен қатар, №2 қалалық ауруханасында мерекеге орай өткізілген сайыста мамандығы бойынша үздік болған орта буын медицина қызметкерлері арнайы дипломмен марапатталып, кәсіподақ тарапынан сыйлықтар табысталды.

1) «Үздік акушер» номинациясы бойынша:
I орын – Дайырша Мереке Әлайдарқызы
II орын – Шарипова Гульнара Ибадуллаевна
III орын – Ибраева Гулжан Сериковна
2) «Үздік стационар медбикесі» номинациясы бойынша:
I орын – Тұрсын Самал Қайратқызы
II орын – Дуйсекова Асел Казыбековна, Кошикбаева Айгерим Косдаулетовна
III орын – Бейсенбаева Багила Кертаевна, Алимова Жанар Бекболатовна
3) «Үздік емхана медбикесі» номинациясы бойынша:
I орын – Кутжанова Меруерт Аюбековна
II орын – Қалжан Нұржамал Саттарқызы
III орын – Молдатілес Ақнұр Ерланқызы

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.