Мамандығы бойынша үздік қызметкерлер

6 мая 2021

news

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен қалалық кәсіби сайыста «Ең үздік стационар мейіргері – 2021» номинациясы бойынша II орынға ие болғаны үшін №2 қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің медбикесі Жазира Уналбаева және «Ең үздік патронажды мейіргер – 2021» номинациясы бойынша II орынға ие болғаны үшін емхана аймақтық бөлімінің медбикесі Камила Шамшиметова басқарма басшысы Бақытжан Позиловтың арнайы дипломымен марапатталды.

2000 жылы Шымкент медицина колледжін бітірген Жазира Уналбаева 2004 жылдан бүгінгі таңға дейін №2 қалалық ауруханасында медбике қызметінде абыроймен жұмыс атқаруда. Жоғары санатты медбике. Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл. 2010 жылы Шымкент медицина колледжін бітірген Камила Шамшиметова 2010 жылдан бүгінгі таңға дейін №2 қалалық ауруханасында медбике қызметінде абыроймен жұмыс атқаруда. Бірінші санатты медбике. Жалпы еңбек өтілі – 10 жыл.Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық және денсаулық сақтау саласында алдағы атқарар жұмыстарына толағай табыстар тілейміз!

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.