Бәріне қол жетімді медицина

27 сентября 2022

foms

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) 2022жылдың ІІ жарты жылдығында 130 денсаулық сақтау субъектісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын түзілген, оның ішінде 98 (75,4%) жекеменшік денсаулық сақтау субъектісі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін (бұдан әрі – ТМККК)және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде орналастыру рәсімін филиалдың қызметкерлерінен басқа, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, медициналық қызметкерлер кәсіподағының және де басқа мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған аймақтық комиссия жүргізді. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына (бұдан әрі – Дерекқор) енгізілген денсаулық сақтау субъектілеріне орналастырылды.

ТМККК шеңберіндежәне МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсету үшін 2022жылға Шымкент қаласында келісім-шарттар жасалған.

Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмектің келесі нысандары мен түрлері бойынша қызмет көрсетеді:

№Медициналық көмектің нысаны мен түріБарлығыМемлекеттікЖекеменшік
Барлығы1303298
1Стационарлық көмек, оның ішінде:27918
3Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту511833
4Жоғары технологиялық медициналық көмек725
2Стационарды алмастыру көмегі962373
5БСМК431330
6Кешенді жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін қызметтер431330
7Қымбат тұратын қызметтер110
8Жедел жәрдем көмегі110

Филиал ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын үнемі өзектендіріп тұрады.

Бүгінгі таңда, 2022жылдың ІІ жарты жылдығына көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталды.

Филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді, көлемдерді болжамдайды, егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарласа өзге қаражат көздерінен алынып, қайта бөліске салынады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады, бірақ, бұл жерде Қордың мүмкіндігі шектеулі.

Қаржыны қайта бөліске салу үшін денсаулық сақтау субъектілері Қорға өтінімдерді заңда белгіленген тәртіппен жолдайды.

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.