Шымкентте ковидке қарсы 36 екпе егу пунктері қызмет көрсетуде

5 апреля 2021

news 14

Шымкент қаласында ковидке қарсы екпе егу пунктерінің қатары артты. Бұған дейін 26 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазіргі таңда екпе егу пунктерінің саны 36-ға көбейді.

Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен. Бүгінге дейін қалада 8395 адамға ковидке қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың 4907-і медицина қызметкері, 564-і полицейлер және 2668-і мұғалімдер болса, қалғандары басқа да санаттағы азаматтар.

Айта кетейік, вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізілуде. Екпе салардан алдын азамат міндетті түрде сауалнамаға жауап беріп, ерікті түрде вакцина алатыны туралы келісім береді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.