Өзін жұмыспен қамтушы мен дербес төлеушінің жарналарының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

27 июля 2021

news 2 4

✅Дербес төлеуші ретінде айына 2125 теңге төленеді және бұл жарналар тек медициналық сақтандыруға төленеді.

«МӘМС туралы» заңға сәйкес, мәртебе үнемі сақтандырылған болу үшін төлемдер уақытылы жасалуы керек. Сонымен бірге, 2020 жылдың қаңтарынан бастап соңғы 12 айда ешқандай қарыз болмауы керек.

✅Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде сақтандырудан бөлек салықтың басқа да түрлерін төлеу міндеттеледі: жарна зейнетақы аударымын (30%), жеке табыс салығын (10%), әлеуметтік сақтандыру шегерімін(20%) және МӘМС төлемін (40%) қамтиды.

?Қала тұрғындары үшін жарна мөлшері 2917 теңгені, ауыл тұрғыны үшін 1459 теңгені құрайды.

❗️«Сақтандырылған» мәртебесі 3 ай қатарынан төлемдер жасалған кезде пайда болады. Яғни, медициналық қызметтерді желтоқсан айында алу үшін төлемдер қазан, қараша және желтоқсан айларына төленуі керек.

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.