Босандыру бөлімшесі 11.09.2017 жылдан бастап №707 «ОҚО бойынша акушерлік-перинаталдық көмекті өңірлендіру туралы» бұйрыққа және 29.10.2018 жылғы №52 н/қ «Шымкент қаласы бойынша акушерлік-перинаталдық көмекті өңірлендіру туралы» бұйрыққа сәйкес перинаталдық көмектің II деңгейін көрсетеді.
Босандыру бөлімшесінің құрамында — босандыру, жаңа туған нәрестелер патологиясы, анестезия және реанимация, жүкті әйелдер патологиясы, гинекология бөлімшелері. Перзентхананың дәрігерлері тәжірибелі әрі санатты. Акушер-гинеколог дәрігерлер: Алимбетова А. Р., өтілі 20 жыл, жоғары санат; Кадырова Р. У., өтілі 27 жыл, жоғары санат; Тастанбекова Ш. А., өтілі 26 жыл, жоғары санат; Сусарбекова К. С., өтілі 33 жыл, жоғары санат; Кучер Н. Н., өтілі 26 жыл, жоғары санат; Баймендиева Б. Т., өтілі 24 жыл, I санат; Байтуганова Р. К., өтілі 20 жыл, I санат; Ахметова А. А., өтілі 13 жыл, жоғары санат; Аширова Э. М., өтілі 7 жыл, II санат; Кошенова Н. О., өтілі 1 жыл.
Көрсетілетін көмек көлемі: қынаптық тексеру, жатыр мойнын айнамен тексеру, өздігінен босану, кесар тілігі арқылы оталық босандыру, жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге, гинекологиялық науқастарға күрделі жағдайларда білікті көмек, гинекологиялық оталар (жатырдан тыс жүктілік, аналық без кистасы, жатырдың қатерсіз ісіктері кезінде). Жоспарлы гинекологиялық науқастарға білікті мамандандырылған көмек және тұрғындарға аптаның сейсенбісі мен жұмасы шұғыл көмек көрсетіледі.
Босандыру бөлімшесінің құрамында тәулік бойы жұмыс істейтін зертхана қызметі бар.
Көпбейінді аурухананың бейінді мамандары босандыру бөлімшесінің пациенттеріне көрсетілімдер бойынша уақтылы консультация береді.
Байланыстар
Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «№ 2 Қалалық аурухана» МКК
ҚР, Шымкент қ., Жандосов к-сі, 92
shgmb17@mail.ru
- 1414 — Бірыңғай байланыс орталығы
- +7 778 003 0399 — Call Center
- 49-01-67 — Медициналық мекеменің байланыс орталығы




