Клиникалық-диагностикалық зертхана

Шымкент қаласы ДСБ «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бөлімшесі

Клиникалық-диагностикалық зертхана аурухана құрамында бөлімше құқығында құрылған. КДЗ құрылғы, пайдалану және қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарына сай арнайы жабдықталған, бейімделген үй-жайда орналасқан.

«№2 қалалық аурухананың» клиникалық-диагностикалық зертханасына мынадай бөлімдер кіреді:

гематологиялық;

биохимиялық;

жалпы клиникалық;

гемостаз;

серологиялық;

микробиологиялық.

ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ

Жалпы клиникалық зерттеулер — зәрді, қақырықты, ликворды зерттеу, гинекологиялық жағындыларды тазалық дәрежесіне және онкоцитологияға зерттеу;

Гематологиялық зерттеулер — көптеген әртүрлі ауруларды диагностикалау үшін жүргізілетін қан үлгілерін зерттеу. Қан жүйесінің ауруларын анықтауға мүмкіндік береді. Гематологиялық мәселелерді анықтаумен қатар ағзаның басқа да көптеген жүйелерінің жай-күйін бағалауға көмектеседі;

Биохимиялық зерттеулер — адам ағзасы мүшелері мен жүйелерінің функционалдық жай-күйін көрсетеді. Бауыр мен буйректің қызметін, белсенді қабыну және ревматикалық процесті, су-тұз алмасуының бұзылуын және микроэлементтер теңгерімсіздігін анықтауға мүмкіндік береді. Биохимиялық талдау диагноз қоюға, емді тағайындауға және түзетуге, сондай-ақ аурудың сатысын анықтауға көмектеседі;

Гемостаз зерттеулері — әртүрлі ауруларды (жүрек-қантамыр, акушерлік, генетикалық патология, жүйелі аурулар, қан жүйесінің аурулары) диагностикалауда, оталық араласуға болатынын анықтауда, тікелей және жанама әсер ететін антикоагулянттармен және тромболиздік терапиямен емдеуді бақылауда үлкен маңызы бар.

Серологиялық зерттеулер — иммунитет реакцияларына негізделген, науқастың қан сарысуындағы белгілі бір антиденелерді немесе антигендерді зерттеу әдістері. Науқастың қан сарысуынан инфекция қоздырғышына қарсы антиденелерді немесе тиісті антигенді анықтау аурудың себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Микробиологиялық зерттеулер — микробиологиялық диагностиканың «алтын стандарты», себебі олардың нәтижелері зерттелетін материалда қоздырғыштың бар екенін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Клиникалық-диагностикалық зертхана Жапония, АҚШ, Германияның жетекші өндірушілерінің заманауи жабдықтарымен жарақталған. Зертханалық зерттеулер фирмалық реагенттер мен бақылау материалдарын пайдалана отырып автоматты анализаторларда жүргізіледі. Биоматериал алу үшін бір реттік жүйелер мен контейнерлер қолданылады, бұл инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Зертханада күн сайын зерттеулер сапасына зертханаішілік бақылау жүргізіледі — бұл нәтиженің дұрыстығының кепілі. Сондай-ақ біз биохимия, серология, гематология, жалпы клиникалық зерттеулер бағдарламалары бойынша ЗСС (зертханааралық салыстырмалы сынақ) жүйесіне қатысып, жақсы нәтижелер көрсетеміз.

Зертхана қызметкерлері өз қызметіне жауапты және ақпараттың толық құпиялылығына кепілдік береді. Зертхана персоналы жұмыс сапасын үнемі жақсартуға және жетілдіруге ұмтылады. Клиникалық-диагностикалық зертхананың штаты білікті медициналық персоналмен — бірінші және жоғары санатты мамандармен және лаборанттармен жасақталған.

Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі — Тулемисова Шахизада Умбетовна. Мамандығы бойынша еңбек өтілі — 25 жыл. Соңғы мамандануы — «Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар».

ЗЕРТТЕУ ТҮРЛЕРІ:

Гематологиялық зерттеулер:

қанның жалпы талдауы (гемоглобин, эритроцит, лейкоцит, ЭТЖ);

қанның ұю уақыты;

лейкоцитарлық формуланы есептеу;

тромбоциттерді анықтау;

қандағы LE-жасушаларды анықтау.

Жалпы клиникалық зерттеулер:

зәрдің жалпы талдауы;

зәрді тәуліктік протеинурияға талдау;

Нечипоренко бойынша зәр талдауы;

Зимницкий бойынша зәр талдауы;

зәрді өт пигменттеріне талдау;

зәрді кетон денелеріне талдау;

нәжісті копрограммаға зерттеу;

нәжісті жасырын қанға зерттеу;

қақырықты жалпы клиникалық зерттеу;

ликвордың жалпы талдауы;

плевра сұйықтығын зерттеу;

гинекологиялық жағындылардың тазалық дәрежесін анықтау.

Паразитологиялық зерттеулер:

қанды қалың тамшы мен жұқа жағындыда безгек паразиттерінің болуына зерттеу;

Нәжісті зерттеу:

1) гельминттердің болуына макроскопиялық;

2) гельминт жұмыртқаларының болуына микроскопиялық.

нәжісті ішектің қарапайымдыларына (амёба, лямблия) нативті жағынды және Люголь бойынша боялған жағынды әдістерімен талдау;

перианальды қырындыны острица жұмыртқаларының болуына зерттеу.

Коагулологиялық зерттеулер:

протромбин уақытын (ПУ) анықтау;

ПИ және ХҚҚ анықтау;

АЖТУ анықтау;

фибриногенді анықтау.

Биохимиялық зерттеулер:

жалпы билирубинді анықтау;

тікелей билирубинді анықтау;

АлТ анықтау;

АсТ анықтау;

жалпы холестеринді анықтау;

триглицеридтерді анықтау;

жалпы ақуызды анықтау;

альбуминді анықтау;

қандағы хлоридтерді анықтау;

глюкозаны анықтау;

гликозилденген гемоглобинді анықтау;

мочевинаны анықтау;

креатининді анықтау;

сілтілі фосфатазаны анықтау;

альфа-амилазаны анықтау;

ГГТП анықтау;

қандағы электролиттерді (калий, натрий, кальций, магний) анықтау;

сарысулық темірді анықтау;

С-реактивті ақуызды анықтау;

ревматоидты факторды анықтау;

шумақтық сүзілу жылдамдығын (ШСЖ) анықтау;

тығыздығы жоғары липопротеидтерді анықтау;

тығыздығы төмен липопротеидтерді анықтау;

несеп қышқылын анықтау;

антистрептолизин-О анықтау;

фосфорды анықтау;

лактатты (сүт қышқылын) анықтау;

ұйқыбездік амилазаны анықтау;

анализаторда қан газдарын анықтау.

Микробиологиялық зерттеулер:

нәжісті патогенді және шартты-патогенді микрофлораға бактериологиялық зерттеу;

қанды стерильділікке бактериологиялық зерттеу;

қанды гемокультураға бактериологиялық зерттеу;

мұрын мен жұтқыншақ бөліндісін дифтерияға бактериологиялық зерттеу;

мұрын мен жұтқыншақ бөліндісін стафилококкқа бактериологиялық зерттеу;

қақырықтың жалпы талдауы;

бөлініп алынған дақылдардың микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау;

зәр мен қақырықты микрофлораға бактериологиялық зерттеу;

қақырықты ТМ-ға бактериоскопиялық талдау.

Иммуногематологиялық зерттеулер:

микрореакция (мерезді диагностикалауға арналған микропреципитация реакциясы);

Серологиялық зерттеулер:

қан тобын анықтау;

резус факторды анықтау;

резус антиденелерді анықтау;

қан сарысуында бруцеллезге Райт реакциясын қою;

қан сарысуында бруцеллезге Хеддельсон реакциясын қою.

Байланыстар

Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «№ 2 Қалалық аурухана» МКК
ҚР, Шымкент қ., Жандосов к-сі, 92
shgmb17@mail.ru

  • 1414 — Бірыңғай байланыс орталығы
  • +7 778 003 0399 — Call Center
  • 49-01-67 — Медициналық мекеменің байланыс орталығы

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.