Хирургия бөлімшесі

Шымкент қаласы ДСБ «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бөлімшесі

Бөлімшеде Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аудандарының тұрғындарына шұғыл және жоспарлы хирургия, урология бойынша жоғары білікті хирургиялық көмек көрсетіледі. Шұғыл көмек әр сейсенбі тәулік бойы көрсетіледі. Жоспарлы науқастар апта бойы жатқызу бюросы және портал арқылы қабылданады.

Хирургия бөлімшесінде іш қуысының шұғыл патологиясы мен урология бойынша оталардың барлық түрлері жасалады. Пациенттерді тексеру мен емдеуде жаңа әдістер мен технологиялар қолданылады.

Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі — Жолдасов Серик Куралбекович, жоғары санатты хирург, еңбек өтілі 26 жыл.

Аға ординатор — Алмабаев Саги Бекбауович, өтілі — 31 жыл.

Ординатор — Анарбаев Бекжан Эргашевич, өтілі — 9 жыл.

Ординатор — Бакытжан Асылхан Бакытжанович, өтілі — 2 жыл.

Уролог — Шитаев Темирхан Сансызбаевич, өтілі — 31 жыл.

Бөлімшеде шұғыл және жоспарлы хирургиялық оталардың мынадай түрлері жасалады:

Бөлімше мыналарды емдеуге маманданған:

іш қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары (жіті аппендицит, жіті калькулезді холецистит, жіті панкреатит, ішектің жіті өтімсіздігі, қысылған вентральды жарықтар, гастродуоденальды ойықжаралардың перфорация, пенетрация, қан кету, стеноз түріндегі асқынулары, соның ішінде эндовидеолапароскопиялық аппаратураны қолданатын шұғыл гинекологиялық оталар);

іш пен кеуде қуысының жабық және ашық жарақаттары;

Жоспарлы оталар:

бауыр эхинококкэктомиясы, лапароскопиялық холецистэктомия, лапароскопиялық цистэктомия, жарық кесудің барлық түрлері, соның ішінде эндопротездік торды қолдану, липомэктомия, геморроидэктомия, стомаларды жабу.

Бөлімше урологиялық көмектің мынадай түрлерін көрсетеді:

варикоцеле, гидроцеле, аталық без қосалқысының кистэктомиясы, орхоэпидидимитті ашу, уретропластика, уретра стриктурасын жою, аденомэктомия, пиелолитотомия, диагностикалық люмботомия, эпицистостомия, крипторхизм кезінде Соколов бойынша аталық безді түсіру, қасаға үстіндегі лигатуралық жыланкөзді кесу, ұманың соғылған-кесілген жарасы, фимоз, буйрек гидронефрозы, уретролитотомия, цистотомия.

Байланыстар

Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «№ 2 Қалалық аурухана» МКК
ҚР, Шымкент қ., Жандосов к-сі, 92
shgmb17@mail.ru

  • 1414 — Бірыңғай байланыс орталығы
  • +7 778 003 0399 — Call Center
  • 49-01-67 — Медициналық мекеменің байланыс орталығы

Басшылықтың жеке қабылдауы

Басшылық қабылдауына жазылу

Кімге жазылғыңыз келеді?
Сізге қашан ыңғайлы?

Қалаған уақыт
Сізбен қалай байланысамыз?
Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз Өтінім — күн мен уақыт бойынша қалауыңыз ғана. Қабылдау бөлмесінің қызметкері көрсетілген телефонға хабарласып, уақытты растайды немесе басқа уақыт ұсынады және қабылдау туралы алдын ала ескертеді.