Қабылдау бөлімшесі екі үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, жеке кіріс-шығысы бар, науқастарды жылдам әрі ыңғайлы тасымалдау үшін қабылдау бөлімшесін басқа бөлімшелермен жалғайтын лифт бар.
Қабылдау бөлімшесінің үй-жайлары:
- кіреберістегі сыртқы тамбур;
- стационарлық емге келген науқастарды уақытша орналастыруға арналған күту вестибюлі;
- бөлімшеге түскен науқастарды тіркеуге және ресімдеуге арналған қабылдау бөлмесі;
- стационарлық емге түсетін және амбулаториялық науқастарға медициналық емшаралар жүргізуге және шұғыл көмек көрсетуге арналған тексеру бөлмесі;
- жатқызылатын науқастарды санитариялық өңдеуге арналған душ бөлмесі;
- УДЗ кабинеті (тәулік бойы жұмыс істейді);
- ЭКГ кабинеті.
6 дәрігер жұмыс істейді: Тулемисова А. Т. — бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Тантаева Ф. М. — терапевт, Артыкбаев Е. — терапевт, Халмуратов М. Д. — терапевт, Султанова А. А. — невропатолог, Корикбаев М. — хирург.
Қабылдау бөлімшесі соматикалық аурулары бар Шымкент қаласының барлық тұрғындарына қызмет көрсетеді. Шұғыл хирургиялық күн — әр аптаның сейсенбісі.
Байланыстар
Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «№ 2 Қалалық аурухана» МКК
ҚР, Шымкент қ., Жандосов к-сі, 92
shgmb17@mail.ru
- 1414 — Бірыңғай байланыс орталығы
- +7 778 003 0399 — Call Center
- 49-01-67 — Медициналық мекеменің байланыс орталығы




