
Аурухана тарихы
Шымкент қаласы әкімінің 10.07.1996 жылғы №1029 «»Фосфор» өндірістік бірлестігінің медициналық-санитариялық бөлімінің қалалық клиникалық ауруханасын Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің балансына беру туралы» шешімі негізінде және 11.07.1996 жылғы №1-391 «Шымкент қаласында Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің клиникасын ашу туралы» бұйрықты орындау үшін 11.07.1996 жылдан бастап «Фосфор» өндірістік бірлестігінің медициналық-санитариялық бөлімі Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасы болып қайта ұйымдастырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 13.03.2017 жылғы №39 қаулысымен «Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ» клиникасы ОҚО денсаулық сақтау басқармасының «Шымкент қалалық көпбейінді ауруханасы» МКҚК болып қайта ұйымдастырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.01.2018 жылғы №5 қаулысымен «Шымкент қалалық көпбейінді ауруханасы» денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шымкент қалалық көпбейінді ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 29.08.2018 жылғы №128 қаулысымен денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шымкент қалалық көпбейінді ауруханасы» коммуналдық кәсіпорны Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Аурухана туралы
Басшылық
Бас дәрігер мен орынбасарлар, өмірбаяндар, азаматтарды қабылдау.
Ұйымдық құрылым
Аурухананың құрылым сызбасы мен бөлімшелер тізбесі.
Миссия және құндылықтар
Ұйымның миссиясы, пайымы және құндылықтары.
Стратегиялық даму жоспары
2023–2027 жылдарға арналған даму жоспары.
Корпоративтік басқару
Байқау кеңесі және корпоративтік құжаттар.
Жылдық есептер
2022 және 2023 жылдардағы қызмет туралы есептер.
Комплаенс қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құжаттар және комплаенс-офицердің байланыстары.
Сатып алулар
Сатып алу хабарландырулары мен қорытынды хаттамалары.




